Алматыда салынып жатқан көпқабатты ғимарат өртенді.
Оқиға 24 маусымда кешкі сағат 20.44-те Абай мен Гагарин даңғылдарының қиылысында орналасқан құрылыста орын алған. Ғимарат “Ордасы” ЖШС-не тиесілі. Көпқабатты пәтердің 9, 11, 14-қабаттарында от тұтанған.
15 шаршы метр жерді жалын шарпыған. Өрт 21.02-де ауыздықталып, 21.34-те сөндірілген. Өрттің шығу себебі – дәнекерлеу жұмысындағы қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы.