Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
7
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

“Мен емеспін…”. Жарымжан баланы азаптап өлтірген әйелдің сотында шу шықты (видео)

298

https://kaz.365info.kz/tarazda-tiridej-zhanyp-kete-zhazdagan-yldyn-anasy-symdykh-okhiganyn-betin-ashty-320762

Атышулы істі бір айға жуық қараған судья соңғы отырысты ұзаққа созбады. Бөлмеге кірген бойда бірден Үкімді оқыды.

“Жалымова Мейіргүл ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-шы бабы 25-ші бөлігі 13,14 тармақтарымен кінәлі деп танылып, 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылсын. Жаза қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтелсін”, деді судья.

Кінәсі дәлелденген тәрбиеші одан бөлек баланың ата-анасына 3 миллион теңге өтемақы төлеуі тиіс.

Ол үшін судья келіншектің туыстарына 2 ай уақыт берді. Кері жағдайда, мәжбүрлі түрде бүкіл мүлкі саудаға шығарылады деді. Негізі сұралған өтемақы бұдан он есе көп болатын.

https://kaz.365info.kz/massagan-talgardagy-symdykh-toj-bolmajtyn-boldy-video-320838

Алайда, әйел 30 миллионды төлей алмайтын боп шықты. Әрі, оның да өсіп келе жатқан 3 баласы бары ескерілді. Десе де, соманың қысқарғанынан сотталушының қайғысы азая қойған жоқ.

Сот залынан бірден колонияға баратынын естіген бойда жылап қоя берді.

Іс біткенде барып, сіңілісіне араша түскен Жалымованың туған әпкесі енді интернаттағыларды сотқа беретінін айтты. Айтуынша, мүгедек балаларға жасайтын түрлі әрекеттерін жасырып қалу мақсатында бәрі де ауызбастырық ұсыныпты.

“Әріптестерінің барлығы бастығынан қорқады.

Аузын жауып тастаған бастықтары. Оларды түсінемін, жұмысымыздан айырылып қаламыз деп отыр  ғой.

Бәрі келісіп алған. Жиналыс ашқан. Балаларды бәрі байлайтынын  бәрі біледі. Бәрі жауапқа тартылсын. Біз қайтадан оны шағымданамыз”, деді Жалымованың әпкесі.

https://kaz.365info.kz/mamau-keshirshi-talgarda-balany-azaptap-oltirgen-kelinshek-bakhyryp-zhiberdi-320543

Үкіммен келіспеген тарап апелляцияға жүгінді. Әрі мүгедек балаларға арналған интернатқа қарсы істі бастауға кірісіп те кетті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз