Іле-Алатауы табиғи паркіне Көк-жайлаудың 100 гектар жері қайтарылады. Алматы қласының әкімі Бауыржан Байбек жыл бойынғы «Көк-жайлау» тау курортын дамытуға қатысты өткен көшпелі жиында осындай тапсырма берді.
Бұл туралы Baq.kz хабарлады.
«Құрылыс алаңы 10 есе қысқарды, 300-ден 30 мың шаршы метрге дейін. Шаңғы трассалары 77-тен 18-ге дейін азайды, олардың басым көпшілігі шаңғы тебуді үйренушілерге арналған. Қонақүйлердегі орын саны 6,5 мыңнан 250 орынға қысқарған. Трассаларға жасанды қар төгетін екі өзеннің біреуі ғана қалды. Осыған орай біз бөлінген 1002- гектар жердің 100 гектарын босаттық. Мүмкін, босаған жерлер көлемі болашақта ұлғаятын шығар», – деді Наиль Нуров.
Мегаполис басшысы босаған жерлерді Іле-Алатауы ұлттық табиғи паркіне қайтару туралы мәселені жедел қолға алуды тапсырды.
Айта кетерлігі, жобаның жаңарған техникалық–экономикалық негізі биылғы жылы аяқталады. Осыдан соң оны көпшілік талқысына салу жоспарланған.