Алматы түбінде айналма теміржолы салынады. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚТЖ-жүк тасымалы» АҚ Алматы қалалық филиалының директоры Сәрсебек Жапаров Алматы-1, Алматы-2 вокзалдарының ахуалы туралы айтып берді. Аталған вокзалдарды жөндеу жұмыстары 2019 жылға белгіленген.
«Мен бұл жобаға қатыстым. Алматы-1 вокзалында аралдық платформа, 1 бағыттағы эскалатор бар. Осы эскалаторлар болашақта екі жақты болады. Ол толығымен жабық болады. Жерасты жолында да эскалаторлар болады. Бірінші перронда эскалатор орнатылады. Ағымдар бірнеше бөлікке бөлінеді. Алматыдан кететін жолаушылар вокзал арқылы, келетіндер терминал арқылы жүретін болады”, – деді Сәрсебек Жапаров.
«Айналма темір жолы оңтүстік жағынан Қазыбек би стансасымен, солтүстік жағынан Жетіген стансасымен тұйықталады. Трасса Мойынқұм құмынан ҰҚК оқу полигонының тұсынан өтеді. Одан әрі оңтүстік батысында «Алматы эксплуатациялық бөлімі» ММ түйіседі. Одан әрі Жетігенге кетеді. Трассаның ұзындығы сағатына 74,9 шақырым. Жол 15 шақырымдық 4 бөлікке бөлінеді. Трассада 3-4 қабылдау-аттандыру жолдары болады”, – деді Жапаров.