Үлкен аралдағы Килауэа вулканының атқылап жатқанына осымен бесінші апта. Соңғы аптада атқылаған вулкан тау-тас ішіндегі оливин асыл тастарын шаша бастапты.
Содан жергілікті халық таласа-трамаса көше мен жағажай жағалап, асылтастарды жинауға көшкен. Ол тастың бір караты 450 долларға бағаланады екен деп жазды Daily Mail.
Міне, мына суреттегі кішкентай ғана ашық жасыл түстегі тас оливин деп аталады әрі аса құнды. Оны вулкан шығарып тастап жатқанын ғалымдар да растаған. Жергілікті халық аяқ-астынан осылай мол қазынаға тап болған. Өйткені асыл тасты жаңбыр осымен бір апта бойына тоқтамай жаууда екен.
Асыл тасты жергілікті халық „Килауэаның сыйы„ деп атап алыпты.