Бейсенбі, 14 маусымда, Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында өз туысын қатігездікпен өлтірген 30 жастағы Құсбек Әлмағамбетовке қатысты сот үкімі шықты.
Бұл туралы Stan.kz хабарлады.
Ер адам 45 жастағы Күлмар Бекбосынованы 2017 жылы 24 желтоқсанда Қарабалық ауданындағы Славенка аулында өлтіріп тастаған. Әйел күйеуімен ажырасқаннан кейін, немере інісі Құсбектің үйінде уақытша тұрып жатқан екен.
Әлмағамбетов өз аулында мал союмен табыс тауып жүрген. Сол күні әйел немере інісімен және оның әкесімен бірге бірнеше шөлмек ішімдік ішіпті.
Түнгі сағат 22:00 шамасында олардың арасында ұрыс туған. Дауға олардың үйдегі бұзауды не тауықтың қайсын соятыны жөнінде келісе алмауы себеп болыпты. Мұнан әрі болған жағдай құдды қорқынышты фильмнен алынған дерсің.
Іс материалдары бойынша, Құсбек Әлмағамбетов әпкесінің артынан кеуде аумағына 6 рет асхана пышағын сұғып алыпты. Бұл кезде әйел әлі де тірі болған екен. Мұнан кейін ер адам оның басын кесе бастаған… Ол әпкесінің мойнын кесіп, басын денесінен бөліп алыпты.
https://kaz.365info.kz/balamnyn-kozinshe-zorlady-almaty-oblysynda-seksualdy-manyak-zhyr-video-318869
Сотталуышының әйелі және 4 баласы бар. Олардың бәрі қанды оқиға кезінде сол үйде болған екен. Артынша әйелі балаларымен бірге мас күйеуінен тығылып отырған бөлмеден шығып, полиция шақырған.
Сотталушының қорғаушысының мәлімдеуінше, бастапқыда ол өз кінәсін мойындаған. Артынша өз сөзінен тайқып шыға келіпті.
Сот Әлмағамбетовты кінәлі деп тауып, оны 11 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, Әлмағамбетовке маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.
https://kaz.365info.kz/kyjeuim-tastap-ketti-taldykhorganda-tort-balasymen-pater-zhaldap-zhyrgen-ajel-kopten-komek-syrajdy-319699