Себебі өңірде ішімдікке салынған отбасылардың қатары көбейген. Полицейлер бас-аяғы бес айдың ішінде 126 отбасын тіркеуге алыпты.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Мәселен мына отбасының да екі баласы балалар үйіне жіберілу мәселесі қарастырылуда. Себебі, аналары соңғы ескертуді елемей, араққа сылқия тойып алған. Ал, балалары көбіне аш-жалаңаш жүреді дейді полицейлер.
“Ішімдікке салынған ата-аналардың барлығына ескерту жасадық. Енді, оларға қатысты, мәселе комиссия отырысында қаралатын болады. Егер, ата-ана құқығынан айыруға шешім шығаратын болса, балаларды арнайы орталыққа жібереміз. Одан басқа амал жоқ”, деді Семей қалалық ІІБ инспекторы.