Қазақстан Республикасының Президенті халықаралық деңгейдегі түрлі салаларға қатысты бірнеше заңға қол қойды.
Бұл туралы Baq.kz хабарлады.
“Мемлекет басшысы «1992 жылғы 6 шілдедегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Казақстан Республикасының Заңына қол қойды” – делінген Ақорданың хабарламасында.
Бұдан бөлек Нұрсұлтан Назарбаев «2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Казақстан Республикасының Заңына қол қойды