Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
9
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

“Мұның не?”. Интернат директорының масқара қылығы желіге тарап кетті (видео)

259

https://kaz.365info.kz/direktor-byldiripti-akhmola-oblysynda-bir-mygalim-symdykh-zhagdajga-tap-boldy-319358

Камераға түсірген қызметкерлердің айтуынша, жаңадан келген директор қол астындағыларға күн көрсетпейтін көрінеді. Кейін бұл видео желіде тарап, қызметкерлерін тәртіпке саламын деген мүгедек балаларға арналған интернат директоры ақыры өзі қызметінен уақытша шеттетілді.

Желіде пайда болған видеодан кейін бірден интернатта тексеріс басталды. Мүгедек балаларға арналған арнайы мекеме жетекшісінің ыдыс-аяқты неліктен сындырып жатқанын комиссия анықтайтын болады. Алдын ала деректер бойынша, мекеме директоры өз бағынушыларының үстінен жоспардан тыс тексеру жүргізген.

Ол балалар су ішетін бөлмеде қолына тигеннің бәрін лақтырып, қарамағындағы қызметкерлерді тәртіпке салуда. Ал, осы жайттарды камераға түсіріп алған бала күтуші Эльмира Аманова директордың қысастығынан әбден мезі болдық деп налиды.

“Ол бізді қыспаққа алды. Отырма, тұрма деп. Маған түнде хабарласып камера алдында отыр дейді. Мен ауру балаларды қараймын. Қалай отырамын? Жұмыс істеу керек. Сосын түнде келіп, осындай жағдай болды”,- деді бала күтуші Эльмира Аманова.

7 маусым күні болған оқиға әлеуметтік желіде лезде тарағаннан кейін долданған директор қызметінен уақытша шеттетілді. Басшы мен қызметкерлер арасындағы кикілжің тамақты тек арнайы бөлмеде ішу керек дегеннен басталған. Алайда, басшының ескертуін еш жан елемей, оның арты жанжалға ұласыпты.

https://kaz.365info.kz/fakyu-majra-myhamedkhyzy-khatty-ketti-foto-319398

“Бөлмедегі тамақтардың барлығын қызметкерлер сол жерге апарып, тамақ ішкен. Директор қызметкерлер мені тыңдамайды, ешқандай шара қолданбайды. Бірнеше рет айттым сонда да тыңдамады, сосын осындай әрекетке мәжбүр болдым деп түсіндірді”,-дейді Маңғыстау облысы әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту басқарма басшысының орынбасары Қарашаш Нұрмамедова.

Интернат ұжымының басым көпшілігі директордың жұмысына оң баға берді. Айтуларынша, талапшыл басшы келгелі мекемеде тәртіп пен тазалыққа аса мән берілетін болған.

“Ол директор талап қоя біледі. Еш кемшілік көрген емеспіз. Балаларда киім, тамақ барлығы жеткілікті. Интернатта тазалық пайда болды”,-деді бала күтуші Жанат Иманқұлова.

View this post on Instagram

Мангыстау-Ақтау инвалид балалар уй басшысынын ыс арекеты..07.06.2018 тунгы 00.20..Быз карайтын инвалит ауратын балдар тунде арен уйыктатамыз оларды..Ал бул кысы келып балдардын мазасын кашырып жатыр..#булкандайбасшы#@akimat_mangystau @aktau_akimat @Karlygah_Rakisheva @amangali_nur Булай жасайтындай быздын жазыгымыз дурыстап енбек акымызды сураганымызба.. (от подписчика) ___________________________________________________ОТПРАВЛЯЙТЕ ВИДЕО В DIRECT! ……… #Шымкент #Актау #Атырау #Актобе #Қызылорда #Кокшетау #Семей #Маңғыстау #Жезқазған #жесть #Караганда #Орал #Талдыкорган #Алматы #Ақтау #Тараз #astana #almaty #шок #shymkent #Балхаш #ужас #videogram_kaz #новостиКазахстана #Павлодар #Астана #Өскемен #Маңғыстау #Қостанай #Жезқазған

A post shared by 🇰🇿 Актуальные новости 🔞 (@videogram_kaz) on

Енді арнайы құрылған комиссия айғай-шудың шығу себебін анықтамақ. Жарты жыл бұрын директорлыққа тағайындалған әйел өз орнын сақтап қалу, қалмауы комиссия қорытындысынан кейін белгілі болады.

https://kaz.365info.kz/kishirejip-khapsyn-goj-nazarbaev-synyptastarymen-kezdesti-video-319444

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз