Халықаралық сұлулық байқауының жеңімпазы, танымал модель, қазақ аруы – Әсемгүл Ибраевадан 4 грамм гашиш табылды.
Актриса 3 наурыз күні Астанадағы Назарбаев әуежайында есірткімен ұсталған деп хабарлайды “Время” басылымы.
Негізі, 2013 жылдан бастап Әсемгүлдің тасы өрге дөңгелеген. Осы уақытта ол Қытайдағы Miss Tourism Queen Asia байқауының вице-мисі атағын жеңіп алады.
https://kaz.365info.kz/direktor-byldiripti-akhmola-oblysynda-bir-mygalim-symdykh-zhagdajga-tap-boldy-319358
Одан соң ұлттық сұлулық байқауына қатысып, жеңімпаз болады. Осылайша ол жақын шетелдердің журналдарына, киносына, клиптеріне түсіп, танымал актрисаға айналады. Киберқорғаныс атты көпсериялы фильмге түскен. Міне, енді жаза басып, есірткімен ұсталып отыр.
Әсемгүл басында есірткінің өзінікі емес екенін айтып, бәледен басын ала қашқан. Бірақ сотта шегінерге жер жоғын аңғарған ол кінәсін толықтай мойындап, кешірім сұрады.
https://kaz.365info.kz/shydaj-almaj-tojda-an-ajtkhan-abdizhappar-alkhozhaga-erkekter-zhabylyp-ketti-video-319332
Сот оның бұрын істі болмағанын, өз айыбын мойындағанын ескеріп, оған қоғамдық жұмыс түрінде жеңіл жаза кесті.
Енді Әсемгүл Астанадағы көшелерді тазалайтын болады.
Видеода полицейдің рөлін сомдаған актриса – Әсемгүл.