Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-3
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Бекшин – менингитпен ауру деңгейі төмендеді

Осы орайда Жандарбек Бекшин қазіргі таңда менингит ауруының тарау деңгейі төмендегенін атап өтті.

«Қазіргі таңда менингококк инфекциясының тарау деңгейі төмендеді. Егер осыған дейін республика бойынша аурудың тарау деңгейі жоғары болса, бүгінде бұл жағдай қазір тұрақталды. Мысалы, бір аптаның ішінде менингококк инфекциясын жұқтырған 15 жағдай тіркелді.

Ал Алматы қаласында 13 дерек есепке алынды. Қазіргі таңда аурудың тарау деңгейі төмендеді. Бұл жағдай бізді қуантады», – деді ол.

Сонымен қатар бас санитар дәрігер Алматыда менингитті жұқтырудың жаңа деректері тіркелмегенін мәлім етті.

«Алматыда 4 тәулік бойы менингококк инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелген жоқ. Қазіргі таңда республика бойынша менингитті жұқтырған 24 адам ем қабылдап жатыр.

Оның ішінде Алматыда 12 пациент дәрігерлердің бақылауында. 14 пациент ауруханада емделіп шықты. Бұл – сенімді деректер. Бұл ақпарат ауру

деңгейінің төмендегенін көрсетеді», – деп түйіндеді сөзін Жандарбек Бекшин

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз