Қызы Айжұлдызды жаңа босанып келген сәтіндегі суретін желіге жүктеген Жанар Айжанова желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды. Ешқандай бояусыз, кішкентай сәбиін құшақтап тұрған әншінің фотосы оқырмандардың жүрегін елжіретпей қоймады.
“Мына жерде қызыма бар жоғы бір ай ғана. Анам айтушы еді, кәрі қыз бала тапса қоярға жер таппас деп. Сол айтпақшы осы кездің өзінде Айжұлдызға
ертегі оқып, бесікке бөлегенде ән айтып ұйықтататынмын. Тіптен күніне неше мәрте тосып, бұтына жібертпей, үйретіп алдым.
Өз түрім де жетісіп тұрған жоқ, көтерем туша құсап. Адам баласының өмірге келуі де, өсуі де оңай емес ау. Ана жарықтықтың еңбегі ұшан теңіз ғой шіркін.
Ұл-қыздарымыз аман болсын! Аналарымыздың есіл еңбектерін Алла еселеп қайтарсын. Ананың көңілі балада, баланың да көңілі анада болсын ылайым”-
деді әнші.
https://kaz.365info.kz/zhanar-ajzhanova-toj-zhasap-kyjeuin-korsetti-foto-video-300992
https://kaz.365info.kz/zhanar-ajzhanova-bizdi-bala-kezimizde-a-sha-a-zat-tabyla-bermejtin-223395
Ал желі қолданушылары болса, “Айжан ханым, бояусыз әлдеқайда әдемісіз”, “Туша десе тушадай болыпсыз”, “Босанған әйелдер толық болатын еді”, “Әдемі естелік”, “Жап-жассыз ғой. Мына суретте жасыңыз қаншада?”, “Енді немеренің қызығын көріңіз”, “Жас келгенде балалы болған қиын” деп жарыса пікір жазды.
https://kaz.365info.kz/akhshany-men-tabam-ozine-kyjeu-izdegen-khyzdyn-sozderi-kopshiliktin-ashuyna-tidi-video-318720
Дерек көз:Nur.kz.