Министрлік менингитпен күресте сылбырлық танытып отыр. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі менингитке қатысты жағдайға қатысты осындай пікір білдірді.
Бұл туралы спикер бүгін өзінің Твиттердегі парақшасында жазды.
https://kaz.365info.kz/karantin-zhariyalaudyn-khazheti-zhokh-vaktsinatsiya-da-kerek-emes-ministr-318097
«Менингитпен күрестің қазіргі жағдайы сын көтермейді.
Құзырлы министрлік кешірілместей сылбырлық танытып, батыл қадамға бара алмай отыр.
https://kaz.365info.kz/dimashym-aj-meningitten-koz-zhymgan-balakhajdyn-anasy-ashhy-shyndykhty-ajtty-318013
Сенат депуттары Үкіметке сауал жолдайды»,
-деп жазды Сенат төрағасы.
Ситуация с преодолением инфекции менингита неприемлема. Профильное министерство проявляет непростительную медлительность, нерешительность. Депутаты Сената парламента обратятся с запросом в правительство.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) June 5, 2018
Ал желідегілер Сенаттың бұл іс-қимылы Денсаулық министрі Елжан Біртановты орнынан кетіріп тынатын секілді деп долбар айтуда. „Оның кемшілігі бұл бір емес, Шығыс Қазақстанда да сары ауру дендегенде осылай салғырттық танытып, дертті ушықтырған„ деп жазып жатыр тағы бірі.