Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

EXPO халықаралық бизнеспен қарым-қатынасты белсенді дамытуға мүмкіндік берді – Асқар Мамин

Ол Қазақстанда бизнес ахуалды жақсарту, инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалып жатқанын атап өтті.

«Аймаққа бағытталған тікелей инвестициялардың 80 проценті Қазақстанға тартылды. АҚШ ҚР-ның ірі инвесторы саналады», – деп Асқар Мамин америкалық ірі компаниялар мұнай-газ саласында, тау-кен өнеркәсібінде және экономиканың басқа да салаларында табысты жұмыс жасап жатқанын айтты.

Экономиканың әртүрлі секторларымен айналысатын 500 қазақстандық-америкалық компанияның қатысуымен бірлескен кәсіпорындар белсенді дамып келеді. Асқар Мамин іскерлік ортаны одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметте қабылданған шаралар туралы хабардар етті және экономиканы жаңғырту, әртараптандыру, цифрландыру саласындағы міндеттерді жүзеге асыру барысы туралы айтып берді.

«Астанада Экспо-2017 көрмесін ұйымдастыру халықаралық бизнес-қауымдастықпен қарым-қатынасты белсенді дамытуға мүмкіндік берді. ЕХРО-ның бірегей инфрақұрылымында орналасқан «Астана» халықаралық қаржы орталығы өз қызметінде инвесторлардың мүдделерін қорғау бойынша Нью-Йорк, Сингапур, Лондон және Дубай қаржы орталықтарының үздік әлемдік тәжірибесін қолданады»,

– деді ҚР Бірінші вице-премьері.

Форум жұмысына Қазақстанның мемлекеттік органдарының, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшылары, сондай-ақ, АҚШ-тың 50-ден астам компаниясынан іскерлік орта өкілдері, оның ішінде Американың жеке шетел инвестициялары корпорациясының (ОРІС), Дүниежүзілік банк және Еуропа қайта құру және даму банкінің өкілдері қатысты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз