Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
7
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

“Ұшақпен барамыз”. Астана мен Алматыдан Балқаш пен Алакөлге арзан рейстер ашылады

Рейстер мемлекеттік бюджеттен субсидияланып, туристік маусымда жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды Қазақстанның азаматтық авиация комитеті.

https://kaz.365info.kz/alak-l-demalys-ornyna-sha-pen-atynajtyn-k-n-zha-yn-212140

“Балқаш көліне “Южное небо” әуекомпаниясы рейстер жібере бастайды:

29 мамырдан бастап Астана-Балқаш бағыты бойынша рейс бағасы 9000 мың теңге, ал 15 мамырдан бастап Алматы-https://kaz.365info.kz/nyrsyltan-nazarbaev-almatyoblysynda-zhymys-saparmen-boldy-314308Балқаш бағыты —  14 000 теңге.

 

Осы авиакомпания 16 мамырдан бастап, Алакөлге Шығыс Қазақстан облысына рейстер жөнелтеді:

Астана-Үржар бағыты – 19500 теңге, ал Алматы-Үржар – 16000 теңге”, — деп мәлімет берді ведомство.

“Жетісу” әуекомпаниясы Алматы облысы жағынан Алакөлге 1 маусымнан бастап рейстер аттандырады: Астана-Үшарал бағыты 16000 теңге тұрады. 27 мамырдан бастап Алматы-Үшарал бағыты бойынша тарифі 9000 теңге тұрақты рейстерді SCAT әуекомпаниясы жүзеге асырмақ.

Рейстердің нақты уақытын әуекомпаниялар мен әуежайларға хабарласып білуге болады.

Read more:

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз