Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Бүгін елордада Астана экономикалық форумы басталады

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдегеніндей, 2018 жылы форумға әлемнің түрлі елдерінен 500-ге жуық спикер қатысып, рекордтық көрсеткішке жетеді. Биыл топ-спикерлердің арасында Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд, БҰҰ-ның бұрынғы бас директоры Пан Ги Мун, Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия жөніндегі бас экономисі Ганс Тиммер сынды есімдер бар.
«Спикерлердің арасында саясаткерлер, технологтар, технология әлемінің лидерлері, денсаулық сақтау және ресурстарды пайдалану салаларының өкілдері бар. Көпшілігіңізге Стив Возняк, Митио Каку есімдері таныс шығар. Бұл жерде компаниялардың өздері емес, олардың қалай құрылғаны, біздің елде қандай идеяларды алға тартатыны маңызды», – деді министр.
Форумның алғашқы екі күні күн тәртібіндегі жаһандық мәселелерге арналады, үшінші күні спикерлер ҚР Үкіметінің, сарапшылар қоғамдастығының өкілдерімен алты бағыт бойынша жұмыс жүргізеді.
«Бұл біз нақты сабақ алуымызға болатын практикум», – деген болатын Т. Сүлейменов.
Конгрестің 10 жылдық жұмысы барысында оған әлемнің 150 елінен 50 мың делегат, соның ішінде 20-дан астам Нобель сыйлығының иегерлері, 30-дан астам шетелдік жоғары деңгейлі саяси қайраткерлер келген. Конгресс аясында жалпы құны 20 млрд доллардан асып жығылатын 300-ден астам меморандум және келісімдерге қол қойылды.
Әр жылдары форумда әлемдік деңгейдегі саясаткерлер, ғалымдар, экономистер, журналистер және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттарының, бизнес-элитаның өкілдері спикер болды.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз