Өмірлік серігін жолықтыруды армандап, отау құрғысы келетін жандарды таныстыруды мақсат тұтқан “Қалаулым” бағдарламасында түрлі жағдайлар болып жататыны белгілі. Бағдарламаны қолдайтында да, қарсы сын айтушылар да аз емес.
Бұл туралы Stan.kz хабарлады.
Бүгінгі тікелей эфир кезінде де бағдарлама шытырман отбасылы оқиғаға ұласып кетті.
“Әкеміздің “Қалаулымнан” жар іздеп жүргенін көрдік. Бұл бізге оңай тиген жоқ. Мені, анамды ойламаса да, бес қызын, кәмелетке толмаған екі қызын ойламады ма? Кіші қарындасым тіпті өзіне қол салмақ болыпты. Ел алдына шығып, әйел іздеп жүрген жақсы болды ма?”, деп сұрады ұлы тікелей эфир кезінде.
https://kaz.365info.kz/khalaulym-bagdarlamasynyn-otirigi-shykhty-asha-mataj-endi-ne-ister-eken-video-287627
Алайда әкесі ұлы мен отбасына деген өз ренішін айтты.
“Менің шеберханада жатқаныма 7 жыл болды. Мені ойладыңдар ма сол кезде? Не таңғы не түскі тамаққа шақыруды білмейтін едіңдер, өздеріңнің қарындарың тоқ болса болды. Мені ойладыңдар ма? Әкесі тұрып ұл сөйлегеннен без деген. Тұтқаны қой, тағы бірдеңе айтып бүлдіресің”, – деді әкесі.
“Ондай жағдайға өзің жеткіздің” деген ұлы сөз соңында әкесіне бақыт тілеп қоштасты.
https://kaz.365info.kz/auzyna-khakhpakh-bola-almajsyn-khalaulym-bagdarlamasyna-ashanyn-ata-enesi-khandaj-kozkharasta-291661