Әдетте музыка жазуға әуес жандар әншілікті қосымша алып жүреді. Алайда бұл жолы керісінше! Талай жыл қазақ сахнасында өнер көрсетіп, еліміздің Еңбек сіңірген қайраткері атанған Алтынай Жорабаеваның сазгерлік қабілеті енді ояна бастағандай.
Бұл туралы Stan.kz хабарлады.
Әнші халыққа композитор ретіндегі алғашқы туындысын ұсынды.
https://kaz.365info.kz/netken-bajlykh-a-altynaj-zhorabaeva-astanadan-algan-yjin-korsetti-foto-video-310928
Сазгер Жорабаеваның тырнақалды туындысы тұсаукесер тойына арналып жазылған.
“Құрметті менің сүйікті тыңдармандарым, оқырмандарым! Менің жүрегімнен шыққан әнді қабыл алыңыздар. Сөзі халықтыкі.
Бүлдіршіндерінің тұсауын кесіп беруімді өтінгеннен кейін, осы “Қаз-қаз” баламды оқып отырып, еріксіз осы ән аузыма келе бергеннен кейін, жазуға тура келді. Әмина деген ботақанның тұсауын кесу бақыты бұйырған сәттен.
Сұмдық болып, композитор болып кетпесем болды енді. Қатты сынамаңыздаршы.
Өзім толқып кеттім”, – дейді Жорабаева.
Өз кезегінде оқырмандары түрлі пікір қалдырған. Біреулер жақсы шығыпты деп жатса,тағы біреулері “Тұсауды салиқалы кісіге кескізбей ме”, “Алтынайдың тағдырын емес,талантын берсін”, “Несі бар сіз таланттысыз” деген сияқты пікірлер қалдырған.
https://kaz.365info.kz/dongelenip-tyr-altynaj-zhorabaevanyn-ayagy-auyr-ma-video-310462