«Қазгидромет» РМК Қазақстанның бірқатар өңірінде су тасуы мүмкін екенін ескертеді.
12 – 13 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысының өзендерінде қатты жауын-шашын түсуіне байланысты өзендердің тасуы және бүйірлік ағынның қалыптасуы болжанады.
Сонымен қатар, 12 – 14 мамырда Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы қаласындағы өзендерде қатты жауын-шашынның болуына байланысты өзендер тасуы мүмкін.