“Қазақстан темір жолы” еншілес компаниясы — “Жолаушылар тасымалы” АҚ Алматы — Астана бағдарлы пойыздағы әйел адамның қазасына қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы Sputnik.kz хабарлады.
“Алматы — Астана бағдарлы пойызында әйел адамның көз жұмуы №5 жолаушылар вагонындағы жағдаймен байланысты емес. Әйел адаммен бірге келе жатқан жұбайы жолсеріктердің әрекетіне ешқандай шағым түсірмейтіні туралы жазбаша түсініктеме беріп, әйелінің қазасына он жылдан астам уақыт бойы күрескен ауыр созылмалы ауруы себеп болғанын растады”, — делінген компания хабарламасында.
“Әрі қарай Шу — Отар аралығында жолаушының жағдайы күрт төмендеп, пойыз бастығы тағы да жақын маңдағы станцияға “жедел жәрдем” шақырған, бірақ өкінішке орай Отар станциясында фельдшер әйел адамның көз жұмғанын мәлімдеді”, — делінген хабарламада.
Компания қайтыс болған әйелдің туған-туыстарына көңіл айтты.