Ақтөбеде өткен республикалық айтыста бой көрсеткен Ринат Зайытов облыс әкіміне жағынып, одан қала берді билікті мақтап оны ел біртүрлі қабылдаған еді.
Ақынның ода жырлары көңілінен шықпаған көрермендер қол соғуды азайтып, кейбірі шығып та кеткен болатын. Ал айтысқа ақынның өз көңілі толатын болып шықты. Бұл туралы Ринат Зайытов Nur.kz порталында берген сұқбатында айтты.
Ақын билікті қолдауының себебін де түсіндірді.
https://kaz.365info.kz/akem-kokem-ajtystan-shettetilgen-zajytov-akim-kharalarga-zhagyna-bastady-video-312115
“Бұл жайында әлі де сөйлесеміз. Ауқымы кең әңгіме. Жақында YouTube желісінде бұл туралы айтатын боламын. Себебі басқа журналистер де осыны сұрап жатыр.
2-3 күндікте осы сауалдың төңірегінде үлкен әңгіме жүргіземін. Қазір мемлекеттің сыртқы саясаттан алып жатқан соққылары бізді солай айтуға міндеттейді.
Мәжбүрлемейді, міндеттейді. Ақын елдің жанашыры. Ұлт ішіндегі тұтастықты сақтау үшін біз солай айтуға міндеттіміз. Қазір геосаясат бар.
https://kaz.365info.kz/kimmen-zhatkhanynda-ne-shatagyn-bar-zajytov-khatty-ketti-307495
Сыртқы күш халықты патшаға қарсы айтақтайды. Жамандасақ, біз өзіміз жамандап аламыз.
Ресейдегі Соловьев болсын, Қырғызстандағы Атамбаев болсын, одан қалды Америкадағы көтеріліс жасайтындардың бізге не қатысы бар?!
Енді біз соларға еріп, халықты ішімізден айтақтайтын болсақ, азаматтық көтеріліске өз қолымызбен әкелеміз. Мұны түсіну керек”, – дейді ақын.
https://kaz.365info.kz/opera-koresin-auyldan-algan-kelinshegin-orys-deputat-khalalykh-khyla-almaj-zhyr-foto-312281