Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
7
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Жазушы Сапабек Әсіпұлы дүниеден озды

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1944 жылғы қыркүйектен бастап 1972 жылғы маусымға дейін журналистік жұмыспен шұғылданды: Қостанай облыстық “Большевиктік жол” (қазіргі “Қостанай таңы”) газетінің редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары, Амангелді аудандық “Социалистік шаруа”, Жангелдин аудандық “Социалистік ауыл” (кейін “Жаңа өмір” – “Новая жизнь”) газетінде жауапты хатшы, редактор болған. 1965-1967 жылдары Жангелдин аудандық партия комитетінің хатшысы қызметін атқарған.

1972 жылдан 1986 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін Қазақ Совет Энциклопедиясының Бас редакциясында аға ғылыми қызметкер, Бас редактордың бірінші орынбасары, редакция меңгерушісі болып істеген. Жазушының сүбелі еңбегі отаршылдық пен ашаршылық қасіреті жайындағы төрттағаны (тетралогия): “Қазақ қасіреті”, “Қатерлі дерт, қалжыраған халық”, “Танталовы муки степи”, “Қауқарсыз қазақ мәселесі” еді.  

“Нұрхан Ахметбековтың поэтикалық әлемі” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады (1973). Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты (1995).  

Дереккөз: Қазақпарат

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз