Ақтөбеде «Ұлттық өнер -рухани болмыс» атты кездесу өтті. ҚР халық әртісі, актер Асанәлі Әшімов әнші Димаш Құдайберген туралы ойын айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақтөбе қаласына актер Асанәлі Әшімов, әнші-композитор Алтынбек Қоразбаев және ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Татьяна Бурмистрова келіп, кездесу өтті.
https://kaz.365info.kz/asan-li-shimov-s-jisetin-kinolar-a-arsy-shy-ty-234575
«Димаш – әлемдік өнер қайраткері. Оның масштабы біздің Қазақстанға сыймайды. Ол 2 миллиард халқы бар Қытайға барды. Мен оны бүкіләлемдік болды деп қабылдаймын.
Қазақстанда жүрсе жылына бір концерт берер. Ол анда-санда келіп, есеп беріп тұрса да жеткілікті. Ал бүкіләлемге қазақты таныстырып жүрсе қуанамыз, сол біздің мақтанышымыз.
https://kaz.365info.kz/kokip-tyr-toregali-ozinin-maskharasyn-shygargan-videoga-khatysty-zhauap-khatty-video-295044
Өзі әдемі бала. Бірнеше рет үстел басында кездестік.
Айман Мұсақожаеваның қарамағындағы Димашпен Американың Лос-Анджелес қаласында кездестік.
Өте қарапайым бала. Мен таңқаламын. Бізде халықтың алдында бір-екі рет көрініп, сахнада боқтайды, берекесін кетіреді. Өзін ұстай алмай қалатындар көп. Не ішіп кетеді, не құсып кетеді, жоқ болады.
https://kaz.365info.kz/khandajsyn-ozin-dimash-bykil-stadiondy-ayagynan-tik-tyrgyzdy-video-282332
Ұстазым Шәкен айтатын, «өнерде менен де мықты болған, менен де мықты болады» деп. Адамның артында мықты қорғасын болуы керек. Ол адамның дандайсымауы үшін. Дандайсу -өнер адамының жауы»,- деді Асанәлі Әшімов.