Мейрамбек Бесбаевтың жобасы “Жұлдызды жекпе-жектің” екінші маусымында Әміре мен Әбдіжаппар Әлқожа қарсылас болып, келесі кезеңге Әбдіжаппар Әлқожа жолдама алды. Қазылар алқасының бұл шешіміне көңілі толмаған көрермен әлеуметтік желі арқылы Әміреге қолдау білдірді.
“Славян базары 2018” байқауында Қазақстанның намысын қорғайтын Әміре бағдарлама басында бұл сайысқа тек жеңу үшін келгенін айтады.
“Осының алдында мен көптеген сайыстарда болдым. Көптеген халықаралық сайыстарда, шет елдерде болдым. 2015 жылы “Новая волна” байқауында болдым. Италия, Германия, Ресей. Көптеген елдерде өнер көрсеттім. Құр қол ешқашан келген емеспіз”, – дейді Әміре.
https://kaz.365info.kz/aj-yyat-emes-pe-mejrambek-bespaev-ashhy-shyndykhty-ajtty-291334
Алайда үш кезеңнен тұратын ән байқауда Әміре Әбдіжаппар Әлқожаға есе жіберді. Қазылар алқасының шешіміне көңілі толмаған көрермен әлеуметтік желі арқылы Әміреге қолдау білдіріп, өз ойларын ақтарып салды. Осы орайда әлеуметтік желідегі пікірлерге шолу жасап көрдік.
Алмас Маратұлы есімді Facebook әлеуметтік желісін қолданушы той бизнесінің жеңгенін айтып, қазылар алқасының қылығына өкпесін білдіріпті.
“Той бизнес жеңді! “Хабар” арнасынан “Жұлдызды жекпе-жек 2-ні” көрдім. Əміре мен Əбдіжаппар Əлқожа деген əншілердің жекпе-жегі болып жатыр екен.
https://kaz.365info.kz/sondaj-anshi-endi-rinat-zajytov-dimash-turaly-ojyn-ashykh-ajtty-video-303921
“Əділ” қазылар, жарыс бойы – Əмреге сүйсініп, даусының күшіне тəнті болып отырды да, аса құрметті Мейрамбек Беспаев – Əбдіжаппарды келесі кезеңге өткізіп жіберді. Əрине оған рейтинг керек. Ал енді ғана үлкен сахнаға шығып жүрген – Əміре рейтинг алып келе алмайды.
Алайда, шешімді өзі ғана шығаратын болса – Тоқтар Серіков, Алуа Конарова, Қыдырəлі Болманов, Арман Дүйсенов сияқты аға-апайлардың уақытын алмаса дейсің. Эфир бойы Əмрені мақтағандар, соңынан Əбдіғаппарды таңдамаған болар, Мейрамбек Беспаев жоғарыдағыларды екі сөйлеткендей түр танытты.
P.S. Немесе ертең Əлқожаны тойда көріп қалсам ұят болар деген шығар Беспаев мырза. Ал, Əміренің тойға уақыты жоқ. Ол қазақ дауысын шет елде танытуға барын салып жүр (автордың жазу стилі толықтай сақталды)”, – дейді Алмас Маратұлы.
https://kaz.365info.kz/khajrattyn-betine-ajtam-mejrambek-bespaev-ne-dejdi-271427
Ал Instagram қолданушылары болса мойымай, алдағы үлкен сынға жақсылап дайындалуға кеңес беріп, қолдау білдіріп жатыр.
“Балам, сен жеңіп тұр едің, аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін заман болды ғой. Әлі ақ мықты әнші екеніңді дәлелдейсің халық біліп отыр кімнің дауысы мықты екенін”
“Бұрында Димаштыда өстіп сынап тастаған. Бірақ Димаш мойымай өзін дәлелдеді. Әміре сен басым болдың. Мұны ел көрді. Сәттілік жолдасың болсын”
“Негізі, сен бастаған кезде-ақ, болды жеңеді деп сенімді болып отырғам ғой, Әмірені өткізбесе қайдам енді деп…. Сүйтсем, бұл Қазақстан екенін ұмытып кетіппін ғой”
“Әміре! Өте талантты, жан-жақты әнші екеніңді тағы да бір көрсеттің! Әбдіжаппар -той әншісі ғой! Сен мықты дауысың бар екенін тағы да дәлелдедің! Алдағы “Славян базары” – конкурсында сәттілік пен жеңіс тілеймін! Алла тағы бір жеңісті қанжығаңа нәсіп етсін!” (Желі қолданушыларының орфографиясы толықтай сақталды)
Әлеуметтік желідегі тыңдарман пікірінің бір сыпырасы осындай.
https://kaz.365info.kz/mejrambek-bespaev-telezhyrgizushilikke-ayakh-basty-video-277722
Дерек көз:Today.kz.