Оқиға 13 сәуір күні сағат 23.00-де Көкшетау қаласына кіреберіс жолда орын алған.
Ақмола облысының тас жолында жана бастаған автобустан 25 жолаушы эвакуацияланды. Ақмола облысы ІІД-де хабарлағандай, “Көкше – Цемент” АҚ-ға тиесілі автобус Біржан Сал ауданынан жұмысшыларды алып, кері қайтып келе жатқан.
“Автобус ішінде 25 жолаушы мен жүргізуші болған. Жол-көлік батальонының қызметкерлері жолаушыларды эвакуациялап, тиісті шаралар қабылдаған”, – делінген таратылған хабарламада.