Баян Мақсатқызы музыкаға етене жақын болғандықтан, қыздарының да сол салада жүргенін қалапты. Бірақ, табиғаттың беретін талантына қарсы шығу мүмкін емес сияқты.
Мәселен, Алагөзованың тұңғышы алты жыл бойы вокал үйірмесіне қатысыпты, ал кішісі болса пианина және би сабақтарына барып жүреді. Қыздарын үлкен сахнада көргісі келген ананың арманы орындалмаған секілді. Себебі, алты жыл вокал дәрістерін алғанымен, Айсәуледе дауыс жоқ. Оны өзі де мойындап отыр.
“Иә, мен ұлы әнші емеспін. Жалпы табиғатымнан есту қабілетім болған емес. Өзімнің музыкалық отбасымда қара аққу сезінетінмін, сондықтан да бір ғажап болып қалар деген үмітпен 6 жыл бойы эстрадалық вокалға бардым. Дауыстың қуаты қосылған жоқ, бірақ есту қабілетім әжептеуір жақсарды. Оны видеодан байқауға болады деп үміттенемін”, – деген Айсәуле өзінің ән айтқан бейнесін желідегі парақшасына жүктеп қойды.
Десе де, вокал сабақтарынан кейін Айсәуледе әнді ести білу қабілеті жақсарған көрінеді.
Өзінің әншілік қабілетінің қандай деңгейде екендігін айтса да, Айсәуле жазбасын былай деп түйіндеді:
“Әлі де болса музыкамен айналыссам деймін, әйтеуір артық болмасы анық. Жалпы ән айтқаным дұрыс па? Тек шындарыңызды айтыңыздаршы”, – деді ол.
https://kaz.365info.kz/amina-alagozova-men-ajsaule-bakhytbek-bolashakh-apaly-sinililer-khalaj-tyrady-foto-292824
Пікірлер сан тарапқа бөлінгені рас. Десе де, “Айсәуле даусың жоқ”, “Құлағым-ай”, “Даусың да, есту қабілетің де жоқ”, деген сияқты пікірлер жиі кездеседі.
Ал сіз не дейсіз?