Көптеген хит әндердің авторы, әнші Ғазизхан Шекербековтың су жаңа әні көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Әншінің күні кеше жарық көрген “Кінә бар” атты бейнебаянын бір күнде елу мыңнан аса адам тамашалап үлгерген.
Ол аталмыш әнді “Дауыс International” тобының бұрынғы әншісі Айнұр Бабаевамен бірге орындаған.
Су жаңа бейнебаянның көңілдерінен шыққанын айтқан желі қолданушылары Шекербековке сәттілік тіледі.
«Жарайсыз», «Ән де, бейнебаян да ұнады», «Осындай сәтті жобаларыңыз көбейе берсін» деп жылы лебіздерін білдірді оқырмандар.
https://kaz.365info.kz/kontsert-ystinde-zhankyjerimen-khyshakhtasyp-bilegen-ajkhyn-zhelini-shulatty-video-279098