Мексикалық боксшы Хайме Мунгияға Головкинмен жұдырықтасуға тыйым салынды, деп хабарлайды sports.kz.
21 жастағы Хайме Мунгияның бесінші мамырдағы жекпе-жекте Геннадий Головкиннің қарсыласы болу мүмкіндігі қарастырылып жатқан. Бірақ NSAC мұндай жекпе-жек өткізуге рұқсат бермеді.Өйткені мексикалық боксшының 12 ранудтық тәжірибесі мен чемпиондық жекпе-жектері жоқ. Сонымен бірге ол орта салмақта емес, бірінші орта салмақ дәрежесінде жұдырықтасып жүр.