Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
7
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Тиматиды таң қалдырған шымкенттік қыз Ресейге кеткелі жатыр (видео)

254

«Әпкем Гүлжан көмекке келді. Билет пен шығынымды өтейтін ақша берді. Маған жасаған жақсылығын ешқашан ұмытпаймын», – дейді әнші.

Ресей астанасында өткен іріктеу Назима үшін оңайға соқпаған. Себебі барын көрсетуге қатысушыларға небәрі 1 минуттан уақыт берілген. Алғашқы кезеңнен сүрінбей өткен Назима көзіне жас алып, анасына қоңырау шалған.

«Мәскеуде жұрттың бәріне менің қайдан келгенім қызық болды. «Қазақтар сондай талантты» деген сөзді көп рет естідім. Әрине, мұндайда кеудеңді мақтаныш сезімі кернейді», – дейді Назима.

Айта кетелік, 27 жастағы Назима Шымкенттің тумасы, мамандығы заңгер. 2015 жылы күйеуге тиіп, қыз туған. Күйеуге тигеннен кейін жұп бір жылдан соң ажырасқан. Ол Қазақстандағы түрлі ән байқауларына қатысып, финалға жеткенімен, жеңімпаз атана алмай жүрген. Музыкалық білімі, дарыны мен дауысы да бар.

Айта кетейік, әншінің ашық-шашық киімі көпшіліктің наразылығын туғызған еді. Алайда Назима сыртқы келбетіне байланысты айтылатын сынға мән бермеуді үйренген. Айтуынша, бұл бар болғаны сахналық образ, ал бойжеткен үшін ең маңыздысы – жақындарының қолдауы.

Ресейде танылған бойжеткен, көрші елге біржола көшуге дайын екенін мәлімдеді.«Песни» жобасында қандай нәтижеге қол жеткізетінімді білмеймін, бірақ Ресейге көшетінім анық.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз