Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

Шымкенттік азамат бетін қайтарған көршісін пышақтап өлтірген

Көршісінің бұл қылығына ашуланған жігіт оған 20 пышақ жарақатын жасап, денесін үймен қоса өртеп жібермекші болған.

Сот Марат.М-ді қасақана адам өлтіргені мен үйді өртегені үшін кінәлі деп тауып, оған 11 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сотталушының қорғаушылары оның кінәсі Марат.М-нің мойындауы негізінде ғана дәлелденгенін айтады. Олардың ойынша, сотталушы тәртіп сақшылары тарапынан қысым көргендіктен кінәсін мойындаса керек.

Оны тіпті медициналық экспертиза да растап отырған көрінеді. Ол құжатта Марат.М-нің үстіндегі жарақаттардың қамауда болған кезінде келтірілгені расталған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз