34 жастағы азамат пен 26 жастағы әйел көлікте улы газға тұншығып өлді. Қайғылы оқиға Көкшетауда орын алған.
Бұл туралы Nur.kz хабарлады.
Келіншек күйеуі мен бейтаныс әйелдің өлі денесін өз үйлерінің гаражында тұрған “Мазда” көлігінен тапқан.
Қайтыс болғандардың денесінде ешқандай жарақат болмаған. Бұл дерек бойынша сараптамалық тексеру жұмыстары тағайындалды.
Алдын ала мәлімет бойынша, олар улы газға тұншығып қалған.
Жыл басынан бері көлікте отырып қайтыс болу оқиғасы осымен екінші рет тіркеліп отыр.