Алматы қаласында тұрғын үй кезегінен 1900 адам шығарылды, деп хабарлайды 24.kz.
«Себебі жүйе электрондық порталға ауысты», – дейді баспасөз мәслихатын өткізген қалалық Тұрғын үй инспекциясының өкілдері.
Кезекте тұрғандардың құжаттарын тексеру кезінде 372 адамның Алматы қаласынан көшіп кеткені анықталған. Ал мыңнан астам тұлға үй сатып алған.
Жалпы, былтырдан бері шаһарда 5887 пәтер берілсе, әлі де баспана кезегінде 20 800 адам тұр.
– Жылдың басынан бастап төртеуі берілген нұсқаманы уақытында орындамағандықтан егер де қайталанған болса бір жылдың ішінде біз оларға бір айлық есептік көрсеткіштің 20 есе артық айыппұл төлетіп жатырмыз, – дейді қалалық тұрғын үй инспекциясының бөлім басшысы Жандос Қайырханов.