Сәуірде қазақтандықтар 9 күн демалып, 21 күн жұмыс істейді.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Мамырда 20 жұмыс күні және 11 күн демалыс болады. ЕGov порталында жарияланған мерекелік күнтізбеге сәйкес, 30 сәуір демалыс күні болып саналады.
Демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болады.
1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі күні. Осылайша қазақстандықтар 29 сәуірден 1 мамырға дейін демалады.
Сондай-ақ, 5 мамыр сенбі күні жұмыс күні болып сейсенбі 8-не ауыстырылады. 7 мамырда Отан қорғаушылар күні, ал 9 мамыр – Жеңіс күні. Осылайша қазақстандықтар төрт күн (6-9 мамыр аралығы) демалдады.