1-сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде антициклон жүріп, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.
Қазгидрометтің хабарлауынша,
еліміздің оңтүстік және оңтүстік шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа-райы сақталып, жауын-шашын (қар және жаңбыр түрінде) түседі. Оңтүстіктің кей жерлерінде қатты нөсер жауады.
Республикамыздың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстікте дауылды жел, найзағай, бұршақ күтіледі.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, желдің екпіні 15-20 м/с-ге жетеді. Жамбыл облысында тұман, көктайғақ болуы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшеюі күтіледі, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын бақыланады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. Сондай-ақ, Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде де тұман күтіледі.