«Әй, қазақтар! Адам болыңдар», деп жазыпты әдемі қыз Әсел Күзембаева.
Алматыдағы бірталай қазақ әйелдерінің қазақ күйеулері оңбаған ғой.
Осы қыздың бойдақ екенін біліп алып, «кездесейік, оңаша бір демалайық» деп хат жазып жүр екен.
Абырой болғанда, Әсел ақымақ қыз емес екен. Отбасылы жігіттерге айтыпты, «сендермен кездеспеймін, тіпті жатпаймын, одан да өз әйелдеріңді аялаңдар» деп қатты-қатты, айтып-айтып тастапты.
https://kaz.365info.kz/azirge-bez-pary-eken-facebook-tegi-zhas-arudyn-zhyndy-suretteri-263593
Қысқасы, ол бүй депті:
«Әй, женатик еркектер! Боқтап-боқтап тастайын ба, сендерді? Әлде, аты-жөндеріңді жазып, пазорларыңды шашайын ба? Шаршадым.
Әй, әйелі бар еркектер, жұмыртқаларыңды (яйца депті – ред.) маған қарай бұрғанды қойыңдар. Хат жаза бермеңдер маған. Кеше біреу «қашанғы нан жеймін, булошка жегім» келеді дейді-ей.
Ақымақтар… Нан деген астың атасы, соны бағалаңдар.
Түсінемін, секси-фото көрдің де, қозып кеттің… Бірақ айналайын Женатик, ары жүрші.
Зинақорлық, әйеліңнің көзіне шөп салу – күнә.
Мен ешкімге тоқал, ашына болмаймын. Мен тек өз күйеуімнің жалғыз әйелі болғым келеді. Қандай қатқан жігіт болса да, мен ешкімнің күйеуіне ешқашан жақындамаймын. Біреудің бақытын тартып алып, отбасының шырқын бұзбаймын.
Содан шығар, мен әлі бойдақпын. Өйткені мен қыдырмайтын, басқа қатындарға көз салмайтын еркек іздеп жүрмін», деп жазыпты ол.
https://kaz.365info.kz/ogan-kim-kharajdy-asel-ali-bez-pary-zhyr-eken-274442