Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-10
USD
515
-0.96
EUR
537
-0.28
RUB
5.18
+0.01

“Апатқа душар қылатын сендер!..”. Бақытжан Сағынтаев вице-министрге ұрсып тастады

Үкімет басшысы ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменовтен мұның себебін сұрады.

“Бұл мәселе бойынша біз демалыс күні ұлттық ұлан ұшағымен Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар облыстарынан жеке құрам мен техникалар жеткіздік”, — деді Сүлейменов.

“Ол дұрыс енді, жоқ болғаннан кейін басқа облыстардан алып отырсыз ғой. Ал Даниал Кенжетайұлы айтып отыр, норма бойынша осынша болу керек, ал шын мәнінде өте төмен деп. Министрлік тарапынан қандай шаралар жасалып жатыр”, — деп нақтылады премьер.

Бірақ ІІМ вице-министрі қолында дайын баяндамасы болмаған соң, жауап бере алмай қиналды.

“Әрине, алдыңызда баяндама жоқ, сонда сіздер қалай басқарасыздар? Баяндамада жазылғанды оқисыздар, жазбаса жағдайдың не болғанын білмейсіздер. Осыдан кейін төтенше жағдайға душар боламыз, техника жоқ, комбинезон жоқ, мотопомпа жоқ. Қиын жағдай болса, көрші облыстардан сұрап аламыз”, — деп ашуланды Сағынтаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз