Балғынбек Имашев өзінің айтысына соңғы кездері орыс тілі мен ағылшынды неге қосып жүргенін түсіндірді.
Бұл туралы ақын QAZAQSTAN телеарнасындағы Тұрсынбек Қабатов жүргізетін ӘзілMAN бағдарламасындағы сұқбатында айтты.
„Біздің айтысқа жастар қызығып жатыр. Өйткені жастардың жүрегіне жол табу үшін жастардың стилінде әртүрлі әдіс-тәсілді қолданудамыз.
Айтыстың популизациясына Ринат екеуміздің орысша айтысымыз көп үлес қосты деп ойлаймын. Содан соң орыстілді қазақтар көшеде келіп маған амандасып, танығандарын білдіріп жатады. „Брат, ты класный, это здорово„ деп жатады.
Бұл арада бізде орысша айту мақсаты болмады. Орыстілді қазақтарды ояту, намысына тию мақсатымен айтқан болатынмын. Содан бері әртүрлі эксперименттер жасап келеміз. Ақын сахнаға шыққанда жаңалығымен келмесе, таптауырынды таптай берсе, оның қызығы кетіп қалады деп ойлаймын.
https://kaz.365info.kz/erkek-sikhymyz-khaldy-ma-ajtysker-akhyn-ajelderdi-khalaj-ornyna-khoyu-kerektigin-ajtty-301237
Сондықтан ақын үнемі ізденіс, өсу үстінде болуы керек„ деді айтыскер ақын Балғынбек Имашев.