Ақтөбеде Бегелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының жүргізушісі өз жұмысшысын өлтірді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлады.
Бұған қатысты сот үкімі шықты. Сот мәліметіне сәйкес, Аян Жәрменов қазан айында жәбірленуші С.Киктенконы жөндеу жұмыстары үшін жалдаған. Кейіннен араларында металл ыдысқа бола дау туып, Жәрменов оған жұдырық ала жүгірген. Ауыр соққы алған жәбірленуші 27 қазан күні мерт болды.
Әуе қорғанысы күштері әскери институтының жүргізушісі «сержант» шенінен айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.