Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Ерлан Сағадиев мүгедек балалардың онлайн режимде білім алуына жағдай жасалатынын айтты

ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиевтiң айтуынша, балаларды қашықтықтан оқытудың бiрнеше технологиясы бар.

«Балаларды қашықтықтан оқыту мәселесiн Ұлттық бiлiм порталы арқылы шешу мүмкiндiгi бар. Ең алдымен портал жасау керек. Ұлттық бiлiм порталына тек қазақстандық емес, әлемдiк ең үздiк оқулықтар, видеодәрiстер мен сабақтар енгiзiледi. Осылайша, барлық балалар мен мұғалiмдерге жол ашып, портал жасаймыз деп отырмыз. Соның негiзiнде қашықтықтан оқыту бағдарламасын жасауға болады. Бұл жұмысты бастап кеттiк», – дедi Сағадиев.
Министрдiң айтуынша, Ұлттық бiлiм порталындағы мәлiмет сыныптарға қарай бөлiнедi.

«Барлық сабақтарды видеолекцияға жазып, оқулықтарды онлайн режимде шығарып, сосын тапсырмаларды жүйеге келтiрiп, пән мен сыныптар бойынша бөлiп, жұмыстарды бастап кеттiк», – дедi Ерлан Сағадиев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз