Оңтүстік Қазақстан облысында зорланды делінген жеті жасар баланың ісіне қатысты жоғары шенді шенеуніктер жұмыстан қуылды. Бұл туралы бүгін отырыс барысында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлімдеді.
Бұл туралы Tengrinews хабаралады.
“Сарыағаш аудандық Жергілікті полиция қызметінің басшысы Бердалы Оразгелдиев қызметінен босатылды. ІІД басшысының бұйрығымен мектеп инспекторы Нариман Жұмабаев қызметінен босатылды. Облыс әкімінің орынбасарына қатаң ескерту жасалды. Сарыағаш ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды. Облыстық білім бөлімінің басшысы Истай Сағындықовқа сөгіс жарияланды”, – деп мәлімдеді облыс әкімі.
Сондай-ақ, №73 және №74 мектеп директорларының уақытша қызметтерінен босатылғаны айтылады. Мұның алдында зорланды делінген баланың Астанаға жіберілгені айтылған болатын.
https://kaz.365info.kz/senbejmiz-khogam-belsendileri-zorlangan-balany-tauelsiz-sarapshylarga-teksertpek-306404
Бүгін, 15 наурызда облыс әкімінің төрағалығымен Сарыағаш ауданы Абай ауылындағы мектептерде болған жағдай бойынша отырыс өтіп жатыр.
https://kaz.365info.kz/zagipa-balieva-shymkenttik-balanyn-okhigasyn-zheke-bakhylauyna-aldy-306536
ОҚО әкімі барлық тексеріс жұмыстары аяқталған соң нәтижесін көрсететіндерін айтты.
“Бұл процесте біраз қателік кетті. Қазір біз жұмыс тобын құрдық. БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділерін осы іске араласуға шақырамыз”, – деді Жансейіт Түймебаев.
https://kaz.365info.kz/yj-beremiz-khatyramyz-zagipa-balieva-7-zhasar-balany-blogerlerge-bermej-khojdy-306630