Асаба тойдағы ойын кезінде қызға тым жақын келіп билеген жігітті қуып жіберді, деп жазады Stan.kz.
Instagram желісінде жарияланған видеода қыз бен жігіт тойдағы ойын кезінде бір-біріне тым жақындап, ерсі қимылдармен билейді. Осы кезде асаба жігітке «жабыспа» деп айқайлап, әрірек қуып жібереді.
Ал желі қолданушылары жігіт пен қыздың ерсі биін сынап тастады. «Қазақтың ұлдары мен қыздарына не болған? Жын қаққан ба?», «Қайран, қазақ! Қайда барасың?», «Осылай билеп мазақ болатын болды. Намысы жоқ. Жігіттер ер мінезбен өзін ұстап билесе ғой», – деп жазды желі қолданушылары.