Бұл туралы Мой город хабарлады.
«Біз бірнеше байқауларға өтініш тастадық. 3 күннен кейін «Қазақстанның ханзадасы мен ханшайымы» байқауының ұйымдастырушылары хабарласып, World Rising Stars сұлулық байқауына қатысуға ұсыныс тастады. Біз келісім бердік», – дейді Ольганың анасы Татьяна Крамаренко.
Байқауға Ресей, Өзбекстан, Румыния, Украина, Албания, Болария, Македония елдерінен келген қыздар бақ сынады.
«Дайындыққа аз уақыт берілді. Сонымен қатар, байқау бағдарламасында: әділқазылармен ағылшын тілінде сөйлесу, кешкі көйлектер Fashion Show көрсетілімі, ұлттық киімде шығу, фотосессия, Грузияның ежелгі жерлерімен саяхат жасау және таланттар шоуы этаптары болды», – дейді Татьяна.
Байқауға 3-12 жас, 13-19 және 20-35 жас аралығындағы 35 қыз қатысты.
«Мен де сән өнерімен айналысқанмын. Аз да болса тәжірибем бар. Бетімізді де өзіміз әрледік. Күніне 3-4 рет мейкап жасау керек болды.Ұлттық киім таңдауға «Мария ханым» сән үйі көмектесті», – дейді анасы.
Ольга Крамаренко үш номинация бойынша марапатталды: Best Model of Years 2018, Best National Costume of the Years 2018 және Best Intellect of the Years 2018. Ол Миланда өтетін сән апталығында танымал киім жинағына модель болуға шақырту алды.
Бұл байқауда ата-аналар арасында жарыс ұйымдастырылды. Татьяна қатысып, Best Fashion Mother of the Years 2018 қатысушы ата-аналар арасында бірінші орыны алды.