Иранда апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағында Қазақстан азаматтары болған жоқ.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов мәлім етті.
«Алдын ала мәлімет бойынша, Иранда апатқа ұшыраған ұшақ бортында Қазақстан азаматтары болған жоқ», – деп жазды Әнуар Жайнақов.
Еске салайық, бүгін Иранда Тегераннан Ясуджге бет алып келе жатқан жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесінің бортында 60 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болды. Олардың барлығы ажал құшты.