Қазақстан территориясында ұсталған 4 қырғыз азаматының қандай қылмысқа қатысы барын қырғызстандық басылымдар жорамалдап, жазып жатыр.
Анонимге сілтеме жасаған Кnews.kg сайты 4 қырғыз азаматының Қорғастан контрабандалық жолмен шығарған тауарын Қазақстан территориясы арқылы заңсыз алып өту үшін ондағы лауазымды тұлғалармен ауыз жаласқан деп болжайды.
“Қазақстан мен Қытай шекарасынан өткен тауарлардың барлық құжаты Қырғыз Республикасына тиесілі деп рәсімделген. Бірақ ол тауар қырғыз жеріне жетпеген, Қазақстанға өткізілген.
Бұл арада біздің азаматтардың кінәсі Қырғызстан Республикасында тіркелген фирмалардың атынан сыртқы сауда келісімшартын жасауда болып тұрған секілді.
Одан бөлек тағы бір болжам бар. Қытайдан Қырғыз Республикасына тауар кеденнен өткенде шикізат деп тіркеледі. Бірақ ол нақтысында дайын тауар.
Одан кейін “Қырғызстанда жасалған” деп жалған құжат жасап тауар Қазақстанға өткізілген болуы да мүмкін.
Қалай дегенмен де бұл қылмыстық жүйе баяғыдан жұмыс істеп келген. Бірақ қырғыз-қазақ қарым-қатынасы бүлінгелі кеден мен шекарадағы қадағалау күшейтіліп, тауарды контрабандалық жолмен тасымалдаушы қырғыздардың жолы кесіле бастады. Бұл сол науқанда құрықталған ірі істің бірі. Өйткені бұл арада қырғыздың, сол секілді қазақты лауазымды тұлғалардың қатысы болуы мүмкін” деп жазады қырғыз басылымы.
https://kaz.365info.kz/nota-zholdady-khazakhstan-men-khyrgyz-respublikasy-arasy-khajtadan-ushykhty-302737
Айта кетелік, 15-ақпанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының қызметкерлері кеденмаңы саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы күресті күшейту және еліміздің шекарасында контрабандалық әрекеттерді жою үшін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында ірі масштабты арнайы операциялар жүргізіп, 29 адам ұсталған, олардың екеуі, кейіннен төртеуі Қырғызстанның азаматы делінді. Олардың біреуі көрші мемлекеттің депутаты болып шықты.
https://kaz.365info.kz/balesin-khara-tanymal-zhurnalist-atambaevtyn-eki-ylken-khateligin-ajtyp-saldy-284850