Төреғали елді шулатқанды ұнататын сияқты. Екі баласы бола тұра, дүркіретіп үйлену той жасаған Төреғали, “Айхайлатып” 25 жасын тойлаған Төреғали, журналистермен сөзге келісіп қалатын Төреғали, концертінде қарт адаммен сөзге келіскен Төреғали, сәукеле киіп, домбырамен ән салып, елді тағы да шулатқан Төреғали.
Видео желідегі бірнеше парақшаға таралып, желіні шулатып жатыр.
Басына кішкентай сәукеле киіп алған әнші “Елім менің” әнін домбыраның сүйемелдеуімен орындап жатты.
Төреғалидың бұл әрекеті жұрттың наразылығын туғызды. Бәлкім Төреғалидың тым көп “шуынан” жалығып кеткен болар.
“Еркек болып, сәукеле киіп алғаны несі?”, “Ақымақ!”, “Крышан кеткен екен”, “Төреғали қуды”, “Концертке шығармаса, үйде айтпағанда не істесін”, “Төреғали бітті, қуды, позор болмағанда қоя салсын”, деп жағымсыз пікір қатарын толтырып жатты желідегілер.
https://kaz.365info.kz/zhylyskhan-kim-toregali-ozine-zhala-zhapkhan-zhurnalisterge-arnap-klip-tysirdi-video-302220