Еркектер түрлі қылық шығара бастады. Бірде қарағандылық жігіт бет әрлеумен айналысып, өзін қыздарша боянып алып желіде танымал болса, екіншісі Шымкенттік арулар байқауына еркек бола тұра қатысқан. Сонда түпкі мақсаты не?
Бұл сұраққа Илай Дягилев Tengrinews-тің «TheЭфир» бағдарламасында берген сұқбатында айтты.
«Қазір Instagram парақшасын ашып қалсаң, барлық қыздардың түрі бірдей. Қастары, еріндері, кеуделері мен бөкселерін қолдан жасап алған. Одан қалды фотошопты қосыңыз. Бір қызды көресіз де ойлайсыз, мынау «керемет, мінсіз ару» деп. Бірақ, ол қызбен кездесіп, аузынан шыққан сөзін естісеңіз, тек сырт келбетке ғана сенетінін білесіз», – деді Илай.
Түрлі косметикамен беттерін әрлеп алатын аруларға қазіргі жігіттердің алданып қалатынын айтып, жігіттердің де мұндай косметикалардың көмегімен сұлу бола алатынын дәлелдегісі келіпті Илай.
«Маған 400-ге жуық жігіт хат жолдап, кездескісі келді. Тұрмысқа шығуға да ұсыныс білдіргендер де болды.
«Міне, менің дәлелдегім келгені де осы. Біз қазір тек қана сырт келбетке тәуелдіміз. Сырты жылтыр адамның ішін ешкім білмейді. Оған назар аудармайды да. Менің еркек екенімді ешкім білмеді. Тек сыртыма қызықты», – деп сөзін қорытындылады Илай Дягилев.
Бір мезетте желіде жұлдыз бола қалған Илай дәл осы мақсатты көздеді ма екен, білмейміз. Қандай жағдай болмасын, жігіт осы оқиғадан ұтылған жоқ.