Астана мен Алматы қалаларында кішігірім гидроэлектр станциялары салынады.
Бұл туралы «Байтақ болашақ» экологиялық альянсының президенті Азаматхан Әміртаев айтты деп хабарлады “Хабар-24“.
Бірлестік елде жасыл технологияларды дамыту мақсатында осындай жобаны іске асыруды көздеп отыр. Ол үшін Әлемдік даму банкі мен Еуропалық даму банкі қаржылай жәрдем беруі мүмкін. Қазір экологиялық альянс мүшелері осы ұйымдармен келіссөз жүргізіп жатыр. Сондай-ақ белсенділер жылу электр стансаларына әлемнің дамыған елдерінде қолданылатын фильтрлеу технологиясын енгізуді жоспарлап отыр.
– Бүгінгі күні мына ауа мәселесі. Таза ауаны қалай зияндаудан құтқара аламыз? Бүкіл өндірістегі шығарылатын түтіннен пайдалана болады. Жаңа технологияны ұсынып отырмыз. Фильтрация технологиясын ұсынып отырмыз. Түріктің компаниясымен кездесу өткіздік. Олар 500 миллион долларға дейін қаражат беруге дайын екендігін жеткізді.