2018 жылдың 10 наурызынан бастап Қазақстаннан Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз баруға болады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі ҚР-дағы БАӘ елшілігінің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
«Бауырлас Қазақстан халқын құттықтаймыз. 10 наурыздан бастап БАӘ жеріне 30 күнге дейін визасыз қатынауға болады. Сапарларыңыз сәтті болсын», – деп жазылған елшіліктің Twitter-дегі парақшасында.
Қазақстан және БАӘ 2017 жылғы мамырда қол қойылған екі ел азаматтарын, ұлттық төлқұжат иелерін 30 күнге дейін визадан босатуды көздейтін келісім бойынша ішкі мемлекеттік процедураларын аяқтады.
Келісім 2018 жылдың 10 наурызында күшіне енеді.