Павлодар облысында жол апаты үш адамның өмірін жалмады, деп хабарлайды КТК.
Қайғылы оқиға бүгін түнде Омбыға баратын тас жолда болған. Тойота мен жүк көлігі Набережное елді мекенінің маңында бетпе-бет соқтығысқан.
Қатты жылдамдықпен жүйткіген «Тойота» «Дав» маркалы жүк көлігіне барып соғылыпты. Соның салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы сол жерде көз жұмған. Марқұмдардың денесін алып шығу үшін полицейлер оқиға орнына құтқарушыларды шақыруға тура келген.
Ал «Давты» жүргізген азамат жеңіл-желпі жарақат алған. Болжамдарға қарағанда, жол апатына қалың тұман себеп болуы мүмкін. Соның кесірінен Тойота тізгініндегі адам қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігін аңғармай қалса керек.