Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-6
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Министр Абу-Даби ғимаратындағы дауға қатысты түсініктеме берді

Министрдің айтуынша, Астанадағы ең биік ғимараттың құрылысына 11 компания іске қосылған, соның 4-еуінің жұмысшылары наразылық бідірді. Жергілікті еңбек инспекциясының мәліметінше, 62 жұмысшы хабарландыру алған.

“Еңбек кодексінде нақты көрсетілген:  кәсіпорынның экономикалық жағдайының нашарлауына байланысты азаматтар жаппай жұмыстан шығарылса, екі айлық жалақы қарастырылған. Егер біріншіден, бұл жұмыс көлемінің азаюына және екіншіден, бұл туралы еңбек келісімшартын бекіткен кезде айтылса, онда бұл жұмыс көлемі орындалғаннан кейін жұмыстан шығару деп саналады және өтемақы ретінде бір айлық жалақы төленеді”, — деді министр.

Еске салып өтсек, елордада салынып жатқан “Абу-Даби Плаза” кешенінің жұмысшылары наразылыққа шықты. БАҚ-тың хабарлауынша, құрылыс алаңында істейтін 400-ге жуық адам бір күнде жұмыссыз қалған. Құрылыс компаниялары алдын ала ескертпей, өтемақы төлемейтінін де ашық айтқан көрінеді.

Астанадағы Абу Дабиді жергілікті жұмысшылармен қатар шетелдік құрылысшылар да салып жатыр. Бірақ, жаппай жұмыстан қуу туралы тосын бұйрық тек Қазақстан азаматтарына қатысты. Далада қалған жұмысшылар болса, құрылыс компаниялары тиісті өтемақыны төлемейінше  тыным таппаймыз деп отыр.

Дүйсенова еңбек инспекциясының жұмысы аяқталғаннан кейін, қосымша ақпарат хабарланатынын атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз